Меню KDT

logo.jpg?_=1686635275

Официальный сайт
КГУ "Специализированный IT лицей"


8 (7292) 43‒30‒95, 43‒08‒88

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім


Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

?Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

?Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.

❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.


Пікір жоқ
121 қаралды
Авторы: uximy_evgeny
Қосылды: 16.03.2022 в 22:14

Біздің команда