Меню KDT

logo.jpg?_=1686635275

Официальный сайт
КГУ "Специализированный IT лицей"


8 (7292) 43‒30‒95, 43‒08‒88

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ                                                                                                                                                                                                        


🔹 ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

📣12 мамыр Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы қорғауға бағытталған оқу-жаттығу ұйымдастырылады.

🏫 Аталған оқу-жаттығуға мемлекеттік және жеке мектеп оқушылары, педагогтер мен мектеп қызметкерлері қатысады.

🔹 Іс-шара барысында «Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» шеңберінде бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталып, қажет болған жағдайда оларды жетілдіруге негіз болады.

🔹 Айта кетерлігі, оқу-жаттығу тек қана профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, алдын алу үшін мұндай практикалық жаттығулар жан-жақты әрі тұрақты жүргізілуі қажет. Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.

📌 Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық береді. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова атап өтті.

💬 «Республика аумағын қамтитын оқу-жаттығу ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Іс-шара барысында бірқатар маңызды мәселе пысықталмақ. Атап айтқанда, мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасын беріп, тиісті деңгейде орындалуын қадағалау; Оқушыларға нұсқау беріп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялауды ұйымдастыру; Техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуін тексеру.


Пікір жоқ
82 қаралды
Авторы: b61mangystaubilim
Қосылды: 12.05.2023 в 14:00

Біздің команда